ШҚО-да "Центр ОДИ" ЖШС директоры сотталды

ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Әдейі банкроттық жасағаны үшін.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті "Центр ОДИ" ЖШС-нің әдейі банкроттық дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс фигуранты – құрылтайшы және кәсіпорын басшысы Ю.Джексенев кәсіпорын банкрот деп танылғанға дейінгі кезеңде ЖШС-не тиесілі қонақ үй кешенін (кафе бар, сауна) үлестес тұлғалардың меншігіне заңсыз тапсырған.

Осылайша, мемлекет алдында берешегінің бар екендігін біле тұра, ол 105 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.

Ю.Джексенев 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Сот шешімімен кәсіпорын нысандарына – қонақ үйге, кафе-барға, саунаға, шаруашылық блогы ғимараттарына тыйым салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті