Қазақстанда қар жауады

pixabay
Шығыста 2-10-нан 15-25-ке дейін аяз болады.

Синоптиктер 18-20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

18-19 қарашада Антлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.

20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклонның ықпалымен қайтадан жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді.

Ауа температурасының ауытқуы Қазақстанның батысында түнде 0-5-тен 5-10-ға дейін аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 5-15-тен 15-25-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16-ға дейін аяз, шығыста 2-10-нан 15-25-ке дейін аяз болады.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі