Алматы-Доха бағытында жаңа әуе бағыты ашылды

Азаматтық авиация комитеті
Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді.

Бүгін "Qatar Airways" әуе компаниясының Алматы-Доха бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов, Катардың Қазақстандағы Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румайхи, "Qatar Airways" әуе компаниясының шығыс өңірлер бойынша аға вице-президенті Марван Колелайт, Алматы қаласы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Ерсой қатысты.

Рейстер аптасына 2 рет 132 орындық (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А-320 әуе кемесімен орындалады. Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы "Qatar Airways" әуе компаниясының140-тан астам бағыттар желісін пайдалана алады.

Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді. Бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілген.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарды қалпына келтіру және жаңаларын ашу жұмыстарын жүргізуде.

Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтингтік ұйымы "Qatar Airways" әуе компаниясын "Жыл әуе компаниясы" деп жариялағанын айта кету керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі