Қазақстан футбол федерациясынан кете салатын Айтхожин жоқ

kff.kz
Түрлі ақпарат пен қауесеттерге нүкте қойылды.

18 қарашада Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кетеді деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожиннің қызметінен кеткенін федерация жоққа шығарды.

Бірнеше баспасөз беттерінде ҚФФ Бас хатшысы Азамат Айтхожин қызметінен кетеді деген ақпарат тарады. Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Азамат Айтхожин қалыпты жағдайда жұмысын одан әрі жалғастыра бермек. ҚФФ баспасөз қызметі тек ресми ақпаратқа сүйенулеріңізді өтінеді. Біздің ресми сайтымыз бен әлеуметтік желілеріміздегі ақпараттарды қадағалай жүріңіздер, деп мәлімдеді федерация.

Естеріңізге сала кетсек, 16 қарашада Қазақстан құрамасы Франция құрамасынан 0:8 есебімен оңбай жеңіліп, қазақ футболы сынның астында қалған еді. Бұдан кейін федерацияның бас хатшысы Азамат Айтхожин жанкүйерлермен сұхбаттасып, "сыншылар мен популистердің" сұрақтарына жауап берген.

Әріпжан Әли

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды