Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматыда бес өрт сөндіру көлігі жойылды

Сурет: Zakon.kz
Алматының өртке қарсы қызметі тәртіпсіздіктер кезінде қанша шығын келгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде Өртке қарсы қызметтің Алматы гарнизонына тиесілі бес өрт сөндіру техникасы жарамсыз болып қалған. Ол көліктер өртеніп кетті. 13 өрт сөндіру техникасы бүлінген.

Сурет: Zakon.kz

Мұның бәрі бір күнде болған жоқ. Қаңтардың 4-і күні тәртіпсіздік басталған күні шерушілер заң шеңберінен шықпады. Бірақ 5 қаңтарда жағдай күрт шиеленісіп, деструктивті көзқарастағы жеке тұлғалардың бандалары техниканы жою және оның қызметіне жол бермеу мақсатында азаматтық қорғау бөлімшелері мен жедел жәрдем көліктерін мақсатты түрде қудалауға кірісті. Шақырту түскен кезде олар техниканың қозғалысын бөгеп, тас, от тұтандыратын сұйықтық құйылған бөтелкелер лақтырып, таяқпен шабуылдаған, дөңгелекті жарды. Қорқыту және физикалық күш қолдану арқылы өрт техникасын иемденіп, кейін оларды жойып жіберді.Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Денис Ярцев

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Өрт сөндіру қызметінің бір қызметкеріне оқ тиіп, қалғандары әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Билік жойылған техникалардың орнына жаңаларын сатып алды.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді