Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж

Салтанатты шара, Алматы, ашық аспан, әскери техникалар, музей, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 19:34 Сурет: Zakon.kz
Салтанатты шараға Алматы өңірлік гарнизонының қолбасшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік әнұранмен шымылдылығы ашылған салтанатты шара 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында өтті. Мұнда 30-дан астам түпнұсқа және қалпына келтірілген әскери техника үлгілері қойылған. Соғыс кезіндегі барлық экспонат қалпына келтіріліп, техникалық сипаттамалар мен тарихи мәліметтер жазылған тақталармен жабдықталған.

Сурет: Zakon.kz

Экспозицияда Жеңістің символына айналған Т-34 танкі, аты аңызға айналған БМ-13 "Катюша" зымыран тасығышы, сондай-ақ Т-44 және Т-55 сияқты кеңестік танкілер бар. Сонымен қатар, БТР-40, БРДМ-1 және БРДМ-2 бронетранспортерлері, БМП-1 жаяу әскердің жауынгерлік машинасы, әртүрлі гаубицалар, минометтер, зениттік және далалық артиллерия құралдары қойылған.

Сурет: Zakon.kz

Көрмедегі ерекше қызығушылық тудыратындар – Германия, Швеция және өзге де Еуропа елдерінің сирек үлгілері: 120 мм "Финуляну" минометі (Швеция), 158 мм "Кебельверх-41" минометі (Германия) және 105 мм M-2A1 HOWITZER гаубицасы (АҚШ). Сондай-ақ, 203 мм БЛ-39 гаубицасы, 122 мм М-30 гаубицасы, 100 мм БС-3 далалық зеңбірегі, ЗПУ-2 және С-60 зениттік құрылғылары, ПМ-120 және М-240 минометтері сынды артиллериялық техника да көрмеге қойылған.

Сурет: Zakon.kz

"Бұл мұражай бүгінгі жастарға сұрапыл соғыс уақыты туралы көрнекі дүние болып табылады, оның барысында қазақстандық жауынгерлер Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқалар да шынайы ерлік көрсетті", – деді генерал-майор Шайх – Хасан Жазықбаев.

Марапаттау рәсімі, Алматы, әскери техника, музей, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 19:34

Сурет: Zakon.kz

Жауынгерлік даңқ музейі 1965 жылы құрылған және ол Алматыдағы әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызды орталығы саналады. Музей топтамасы XIX ғасырдан қазіргі күнге дейінгі Қазақстанның әскери тарихын қамтиды. Негізгі қор майдангерлердің түпнұсқа құжаттары, фотосуреттері, хаттары, марапаттары мен жеке заттарынан тұрады. Материалдардың елеулі бөлігін генерал Панфиловтың қызы – Панфилов дивизиясының ардагері Валентина Панфилова тапсырған.

Сурет: Zakon.kz

Музей Алматы қаласы, Медеу ауданы, Зенков көшесі, 24 мекенжайында орналасқан. Жалпы ауданы 1260 шаршы метрден асады. Мұнда 15 маман жұмыс істейді, жыл сайын 25 мыңнан астам адам музейді тамашалайды. Шара соңында жаңа экспозицияны жасауға атсалысқан әскери қызметкерлер де марапатталды.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: