"Жас сарбаз" шығармашылық ұжымы халықаралық байқауда бас жүлде иеленді

Жас сарбаз, шығармашылық ұжымы, Ташкент, халықаралық байқау, бас жүлде , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2025 14:17 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері Өзбекстан астанасында өткен "I Love Tu danse" халықаралық байқауында еліміздің абыройын асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өнерлі ұжым бас жүлде — Гран-при, сондай-ақ 7-13 жас аралығындағы "Үздік халық биі" номинациясында бірінші орынды жеңіп алды.

"Бұл біздің ұжымның халықаралық аренадағы алғашқы жетістігі емес. Балалар Ташкенттегі жарыстан ерекше бір шабыт алды. Мұндай байқаулар біздің жас өнерпаздар үшін тәжірибе алаңы ғана емес, шығармашылық даму үшін де жаңа көкжиектер ашады", — деп атап өтті студияның көркемдік жетекшісі, 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.

Би, Жас сарбаз, шығармашылық ұжым, Ташкент, бас жүлде , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2025 14:17

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Халықаралық байқауға барлығы 36 шығармашылық ұжым қатысты.

"Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясы 2022 жылы Қорғаныс министрінің бастамасымен құрылғанын айта кету керек. Қазір 200-ге жуық бала хореография, актерлік шеберлік, вокал және домбыра үйірмелеріне қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: