Қазақстан әскери қызметшілері 8 наурызға әсерлі сыйлық дайындады

Қазақстан әскери қызметшілері 8 наурызға әсерлі сыйлық дайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 13:41 Сурет: Telegram/modgovkz
Қазақстанда Қарулы күштердің әскери қызметшілері, сарбаздар, курсанттар мен "Жас сарбаз" студиясының тәрбиеленушілері Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызға орай әсерлі сыйлық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 5 наурызда, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақ махаббат пен сергек сезім әлдилеген көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында Қарулы күштердің әскери қызметшілері, сарбаздары, кадеттері және "Жас сарбаз" студиясының тәрбиеленушілері барша аруларды, асыл аналарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, Болат Садраддиннің "Ана" әнін тарту етеді. Жүрекке жылы тиетін әсерлі ән арқылы әскерилер барша адамзат үшін ең қастерлі құндылық – анаға деген шексіз махаббат пен алғысын жеткізеді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жүрекке жылу сыйлайтын бұл әсерлі ән арқылы әскери қызметшілер бүкіл адамзат үшін ең қастерлі құндылық саналатын анаға деген шексіз сүйіспеншілігі мен алғысын білдіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: