Жас сарбаз – әскери патриотизм балғын шақтан бастау алады

Жас патриоттар шарасы өз мәресіне жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 12:44 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Астана қаласының Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ұйымдастыруымен балалар шығармашылық студиясының есептік концерті өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Былтыр Қазақстандағы балалар жылы аясында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қарулы күштер мен басқа да күштік ведомстволарда қызмет атқаратын ата-аналардың балаларына арналған шығармашылық студия құруды тапсырған болатын. Осылайша хореография, актерлік шеберлік, вокал және домбыра сынды төрт бағытта тегін оқыту ұйымдастырылды.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Аталмыш шараға Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшылары, жас дарындардың ата-аналары қатысты.

Есептік концерт – балалар студиясындағы тәрбиеленушілер мен олардың тәлімгерлерінің, Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің педагогтары мен солистерінің шабытты еңбегінің нәтижесі, –деп атап өтті Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Асенов.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Жас таланттар көрермендерге әсем әндері мен музыкалық туындыларын тарту етті. Концертте қазақ композиторларының белгілі шығармалары, халық күйлері орындалды, фольклорлық және заманауи хореографиялық қойылымдар көрсетілді.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

"Біз жастарға сенеміз" деген атпен өткен ауқымды шара расында болашақ ұрпаққа деген сенімге толы болды. Көрермендерге орасан зор көңіл-күй сыйлаған жас әртістер елорданың үлкен сахнасында тұңғыш рет өнер көрсетіп, алғашқы тәжірибелерін жинады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: