Әскери мұражайға Рейхстагты алу кезіндегі қазақстандықтар жайындағы құжаттар тапсырылды
Оларды Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан құжаттанушы Ақмарал Баталова қабылдады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірегей материалдар 1945 жылы 30 сәуірде Рейхстагтың қасбетіне Жауынгерлік туды тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлік істерінің дәлелі.
Іс-шараға Қазақстан тарапынан Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Серік Бурамбаев қатысты. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин қатысты.
Бұл оқиға тек тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды. Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлігі белгілі факт, бірақ енді әскери мұражайда олардың ерлігі мен жанқиярлығының құжаттық айғақтары сақталады. генерал-майор Серік Бурамбаев
Қатысушылар бұл шараның Ұлы Отан соғысы батырларының есімін мәңгі қалдырудағы маңызды оқиға екеніне, сонымен қатар өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде үлкен рөл атқаратынына сенім білдірді.