Қазақстанда әскери шеру болмайды
Сурет: akorda.kz
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парад жоспарланбаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның орнына әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланып отыр. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары жеке ұйымдастырылады.ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі
Еліміздің барлық өңірінде барлығы 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізу жоспарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript