Президент ҚР Қарулы Күштерінің әскери дайындығын түбегейлі арттыруды талап етті

Әскери міндет, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2022 19:48 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткен кеңесте ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Президент геосаяси жағдайды және аймақтық деңгейдегі өзекті сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындығын түбегейлі арттыруды талап етті. Ол үшін бірқатар міндетті орындау қажет, делінген хабарламада.

Жоғарғы Бас қолбасшының пікірінше, бірнеше міндеттерді шешу қажет.

  • ең алдымен, ел басшылығын сыртқы және ішкі қауіп-қатерлер туралы уақтылы әрі нақты ақпараттармен қамтамасыз етуге тиісті әскери барлау қызметін күшейту керек.

  • Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құрылатын Арнаулы операциялар жөніндегі күштердің Басшылығына маңызды миссия жүктеледі. Сондай-ақ оларға қысқа мерзім ішінде басқа күштік құрылымдармен бірлесіп, барлық ұйымдастыру шараларын қабылдап, арнаулы операцияларды орындауға дайындалу міндеті жүктеледі.

  • қару-жарақ сақтайтын нысандарда төтенше жағдайлардың қайталануына жол бермеу қажет. Ол үшін қару-жарақтардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пайдалануға жарамсыз және әрі қарай сақтауға қауіпті қару-жарақтарды жою шараларын жүзеге асыруды жалғастыру керек.

  • Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік жабдықтарын жаңарту қажет.

  • әскери борышты өтеу міндетінің беделін көтеріп,  абыройын арттыру қажет.  

  • қару-жарақ және әскери техника сатып алу жөніндегі 2022 жылға арналған жоспарды қайта қарау керек.

  • Қарулы Күштердегі кадрлық әлеуетті арттыру шараларын қабылдау қажет.

Алдында Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қызметінен босататын және бұл лауазымға Руслан Жақсылықовты тағайындайтын Жарлықтарға қол қойған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: