Владимир Путин: Қазақстан қаңтарда қиын жағдайды бастан өткерді

Сурет: Ақорда
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президентін қарсы алып, Мәскеуге келгеніне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Келіссөз барысында Қазақстанда болған Қаңтар қақтығысы туралы сөз қозғады.

Қазақстан қиын жағдайды бастан өткерді. Сіздердің егеменді елдеріңіз халықаралық ұйымдардың құрбаны болғаны сөзсіз. Біз сізбен Жаңа жыл алдында кездестік, әрине мұндай оқиғалардың болуын ешкім болжай алмады. Әлбетте, Ресей ҰҚШҰ елдерінің бірі ретінде Қазақстанға көмек қолын бірінші болып созуға тырысты. Бірақ басты рөлді, әрине, Қазақстан басшылығының өзі жүргізді. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин

Сондай ақ, Ресей президенті екі ел арасындағы дамып жатқан қарым-қатынастар жайында тілге тиек етті. Бүгінде Ресей Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі болып табылатыны да қозғалды.

2021 жылы екі ел арасындағы сауда саттық 34%-ға өсті. Бүгінгі күні қарқыны жақсы. Күзде дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толады. Алдағы уақытта ауқымды бірқатар іс-шаралар жоспарлануда.Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин

Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде құрбан болғандардың көптігіне алаңдағанын мойындап, кінәлілердің барлығы жазаланатынына уәде берді.

Қазақстан
Ресей
Путин Владимир
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды