Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты болады

Саяси кеңес бюросының шешімімен Парламент Мәжілісінің депутаты бос мандатын «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша Саясат Нұрбекке беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат Нұрбек 1981 жылы 18 мамырда Семейде дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Маршаллтаун колледжі (АҚШ);

Саясаттанушы, заңгер, геосаясат және халықаралық қауіпсіздік магистрі

Еңбек өтілі:

  1. АҚШ конгрессмені Марк Смиттің науқан бойынша көмекшісі, АҚШ президенттігіне кандидат Аль Гор, Айова үкіметінің ақпарат және есептеу бөлімінің кеңесшісі (2000-2002).

  2. ЕҰУ оқытушысы, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры, «Art-Motion» ЖШС директоры (2002-2006).

  3. «Қазына» ФСД» АҚ менеджері, бас менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі (2006-2008).

  4. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі (2008).

  5. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доцент, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры (2008).

  6. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Атқарушы директор, Адам ресурстары және адам ресурстарын басқару департаментінің директоры (2008-2009).

  7. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры (09.2009-10.2010).

  8. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (11.2010-09.2013).

  9. «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық саясат институтының директоры (09.2013-08.2015).

  10. АХҚО басқарушы директоры (07.2016-12.2017).

  11. National Geographic Қазақстан кеңесшісі (12.2017 ж. бастап).

  12. BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі (09.2018 ж.).

  13. BTS Education бас директоры.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: