Қошанов Nur Otan партиясының атауын өзгерту туралы ойын айтты

Сурет: nurotan.kz
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы ойын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс алаңында журналистер спикерден партияның атын өзгерту туралы шешімнің неліктен қабылданғанын және осыған байланысты заңнамалық мәселелер туындай ма деген сұрақтар қойды.

Заңға қатысты қиындықтар мен проблемалар болмайды, өйткені мұндай атаумен 30-дан астам әртүрлі компания бар екенін көрдік, бірақ бірде-бір «Аманат» партиясы жоқ. Заман өзгереді, қоғам да өзгереді. Қаңтарда біз жаңа мемлекетте оянғандай болдық, мемлекетке қарсы лаңкестік әрекеттен кейін партия сынақтарға дайын болуы керек. Партия қоғамнан бөлек өмір сүрмеуі керек. Өңірлерде болып, тұрғындардың партия жұмысына қатысты өтінішін көріп, атын өзгертуді жөн көрдік. Ерлан Қошанов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті