Роман Абрамович Ұлыбритания салған санкцияларға ұшырады

Сурет: Instagram/roman_chelseafc
Ұлыбритания билігі Роман Абрамович пен алты ресейлік кәсіпкерге қарсы санкция салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санкциялар тізімі Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланған.

Құжатта Ұлыбританияның ресейлік-израильдік кәсіпкер, миллиардер Роман Абрамовичке, сондай-ақ кәсіпкер әрі «Русал» компаниясының басшысы Олег Дерипаскаға қарсы санкциялар енгізіп, олардың британдық жеке және заңды тұлғалармен мәміле жасауға, сондай-ақ елге кіруіне тыйым салғаны айтылған.

Бірнеше кәсіпкерге теңіз және әуе көліктерін (яхталар, жеке ұшақтар және т.б.) иеленуге, тіркеуге, қозғалысына және пайдалануға шектеу қойылып, бірқатар тұлғаларға елге кіруге тыйым салынды.

Санкциялар тізіміне мына адамдар кіреді:

Британ билігінің жолдауында атап өтілгендей, бірқатар жоғары лауазымды ресейліктерге қарсы санкциялар Кремльмен және Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы үшін енгізілген.

Ұлыбритания Ресей Федерациясының қорғаныс өнеркәсібі, қаржы институттары мен көлік секторына қарсы бірқатар антиресейлік санкциялар енгізді. Шектеулер қазірдің өзінде 200-ден астам Ресей азаматтарына, ұйымдарына және олардың еншілес компанияларына қатысты.

Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, АҚШ және Канаданың жаңа санкциялары Ресей президенті Владимир Путиннің 24 ақпанда Украинада арнайы әскери операция басталғаны туралы мәлімдемесінен кейін енгізілді.
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды