AMANAT партиясының хатшысы жаңадан тағайындалды

Сурет: AMANAT партиясы
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы болып Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек тағайындалды, делінген партия хабарламасында.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы.

2009 жылдан бастап «Jas Otan» ЖҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2019 жылы «Jas Otan» жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді.

Қазақстан
Nur Otan

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды