Есеп комитеті Жоғарғы есеп палатасы болып қайта құрылады

Сурет: pixabay
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Есеп комитетін Жоғарғы есеп палатасына айналдыру туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы министрлігінің басшысы Есеп комитетінің міндеті бюджет қаражатының сыртқы аудитін қамтамасыз ету екенін еске салды. Сонымен бірге оның функциялары үнемі жетілдіріліп отырады. Осылайша, 2016 жылдан бастап Есеп комитеті республикалық бюджет жобасына алдын ала бағалау жүргізуде, бұл бюджеттің тиімсіз шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Есеп комитеті Жоғарғы есеп палатасы болып қайта құрылады. Бұл ретте парламенттік бақылау күшейтіледі. Мұндай тәжірибе кейбір дамыған елдерде бар. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Оның айтуынша, бұл үшін бірқатар заңнамалық актілерге, соның ішінде Конституцияға өзгерістер енгізу қажет.

Наурыздың 16-сы күні Қазақстан Президенті халыққа Жолдауында елімізде көптеген ауқымды жобалар мен бағдарламалар әзірленіп жатқанын, бірақ олардың жүзеге асырылуы көбіне ойдағыдай болмайтынын айтты. Осыған байланысты ол республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылауды күшейтіп, Есеп комитетін Жоғарғы есеп палатасына айналдыруды тапсырды. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарының алдында есеп беріп тұруы керек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз