Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Бұйрық Ақорда сайтында жарияланған.
Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған.
Еңбек өтілі:
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (1997) «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша; Қызылорда гуманитарлық заң университетін (2003) «Заңғылымы» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.
1997 жылдан - «Қазақойл-коммерция» ЖШС мұнай өндіру бойынша сарапшысы.
1998 жылдан - «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары.
1999 жылдан - «Стандарт Ойл Бейс» ЖШС директоры.
2001 жылдың наурызынан - «Стандарт Ойл» ЖШС директоры.
2001 жылдың кыгжуйегінен - «Станлаот Ойл Трейдинг» ЖШС директоры.
2002 жылдан - «Харрикейн Ойл Продактс» ЖАҚ Қызылорда филиалының директоры. 2002 жылдың қазанынан - «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС бас директоры.
2005 жылдың тамызынан - Қызылорда қаласы әкімінің орын- басары, қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы.
2005 жылдың қазанынан - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
2007 жылдан - Қызылорда облысының әкімі аппаратының жетекшісі.
2008 жылдан бері - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021 жылғы 1 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.