Мемлекет басшысы Жұмалының Жарлығымен Расул Берекетұлы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Расул Жұмалы 1971 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.
1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу және Орта Шығыс, Африка елдері бөлімінде атташе, референт болып жұмыс істеді.
1995 жылы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің көмекшісі.
1996 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінде 3-ші, 2-ші хатшы лауазымдарында жұмыс істеді.
1999 жылы - еліміздің сыртқы саясат қызметінің елшісі - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы.
2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз хатшысы.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінде саяси топтың жетекшісі болды.
2003 жылы - Қазақстанның Израильдегі Елшісінің кеңесшісі.
2004-2005 жылдары - Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының Бас консулы.
2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Ливиядағы Елшісі.
2007-2008 жылдары - Еуразиялық банкирлер клубының атқарушы директоры.