Сонымен қатар, Исфара қаласының орталық ауруханасына сілтеме жасай отырып, "Азия-Плюс" басылымы тәжік тарапынан екі шекарашы қаза тапты, жергілікті бейбіт тұрғындар арасынан тағы бес адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды.
Сейсенбіге қараған түні армян-әзірбайжан шекарасында ұрыс басталды, тараптар қақтығыстың басталуына бір-бірін айыптады. Ереван Әзірбайжанның әскери күштері артиллерия мен дрондарды қолдана отырып, Армения территориясына оқ жаудырды деп мәлімдеді.
Ереван бұған дейін Бакуді шекаралас қалаларға оқ жаудырды деп айыптаған, өз кезегінде Әзірбайжан да Арменияны диверсия мен арандатушылық жасады дегенді алға тартады.
13 қыркүйекте Армения ресми түрде ҰҚШҰ мен БҰҰ-дан көмек сұрады.
РФ СІМ Армения мен Әзірбайжанды жағдайдың шиеленісуіне байланысты екі елдің шекарасындағы жағдайды одан әрі ушықтырудан аулақ болуға шақырды.
ҰҚШҰ Армения-Әзірбайжан шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ұйым хатшылығы бұл арада күш қолдану ақылға сыйымсыз деп санайды.
Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысы Әзірбайжан мен Арменияны қақтығысты ушықтырмай, мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды.
14 қыркүйекке қараған түні Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысып, оның барысында жанжалды тек саяси және дипломатиялық жолдармен шешу қажеттігін атап өтті.
Сол күні таңертең ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзірбайжан шекарасының жекелеген аудандарындағы жағдайды зерделеу үшін ҰҚШҰ миссиясын жолға салуды жөн деп тапқаны белгілі болды.
ҰҚШҰ өзінің тарихында тек Қазақстанға – 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ғана бір рет көмек көрсеткен.