Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы жүк тасымалын оңтайландырды
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 мамырда Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялаушы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда хабарламасында.
2024 жылы 18 сәуірде Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңы мақұлданды.
Заң Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейді және екі ел арасында авто, теміржол және су көлігімен тасымалданатын жүктерді жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
"Жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар саны да артады. Транскаспий халықаралық көлік бағытының мүмкіндігі зор. Осы орайда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тауар тасымалдап, одан әрі "Баку-Тбилиси-Карс" теміржол желісімен жүктерді жөнелту бойынша жұмыс жалғасады. Келісімді орындаудың барлық мәселелерін реттеу мақсатында, тасымалдарды дамыту жөніндегі Бірлескен комитет құрылады", – деді сенатор Әлібек Нәутиев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript