Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев ОСК-ға күмәнді құжаттар тапсырған

Сурет: Facebook/Нуржан Альтаев
2022 жылы 7 қазанда "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінен Орталық сайлау комиссиясына Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы құжаттар келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК-нің мәліметінше, Әлтаев "Мұқалмас" РҚБ отырысының хаттамасынан үзінді көшірме ұсынған, бірақ комиссияға бірлестік филиалдарының бірқатар басшыларынан бұл хаттаманың бұрмаланғаны туралы өтініштер де келіп түскен.

ҚР ОСК баспасөз қызметі қазіргі уақытта осы факт бойынша құзыретті органдар тексеру жүргізіп жатқанын жеткізді.

Мұның алдында "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" атынан ҚР президенттігіне үміткер ретінде Қарақат Әбден ұсынылғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты