Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды

Сурет: akorda.kz
Еліміздің астанасында 13 қазанға жоспарланған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевт Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитін ашып, арнайы келген мәртебелі қонақтарға алғысын белдірді. Сонымен қатар Президент кеңеске отыз жыл толғанын атап өтті.

Биыл осы Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толды. Осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 27-ге жеткенін айтқан Мемлекет басшысы бұл қауымдастықтың беделі артқанын білдіретінін айтты.

Бұл, шын мәнінде, форумның Азия елдері және жалпы әлем қауымдастығы алдындағы беделі арта түскенін көрсетеді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ ҚР Президенті Кувейттің Кеңеске мүше болып, қатарға қосылғанын ерекше атап өтті.

Шараға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және Қытай вице-президенті қатысып отыр.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек