Өзен аңғарының экологиялық ахуалы күрт нашарлап, ластану көрсеткіші бойынша ең соңғы, яғни бесінші дәрежеге жетті. Өзеннің экологиялық жағдайы күрт нашарлап, ластануы бойынша соңғы, бесінші деңгейге жетті, деп атап өтті ел Президенті.
Мен бұл күрделі мәселені халықаралық деңгейде бірнеше рет көтердім. Қазақстан мен Ресей арасында экология, биоаралық сақтау және трансшекаралық өзендерді пайдалану саласында бірнеше келісімдер жасалды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Көршілерімізбен осы бағыттағы ынтымақтастықты тереңдете отырып, уағдаластықтардың толық орындалуын қамтамасыз етуге күш салу қажет, деп қосты мемлекет басшысы.
Бұл ретте өңірдегі мемлекеттер өкілдерінен бөлек, сарапшылар, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері маңызды рөл атқаруы тиіс. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Біз бірге Жайықты сақтап қалу үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Экологиялық жағдайдың нашарлауы бірқатар қайтымсыз зардаптарға әкеледі.
Бүгіннен бастап нақты шара қолданбасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Сондықтан табиғатты қорғау заңнамасының кез келген бұзылуының жолын кесу қажет. Су қорғау аймақтарына ревизия жүргізіліп, өзендегі барлық гидротехникалық құрылыстар тексерілуге тиіс. Бұл облыс әкімі мен үкіметтің тікелей міндеті. Қасым-Жомарт Тоқаев
8 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді, онда облыс жұртшылығымен кездесу өтіп жатыр.