Ақтөбе қаласының әкімдігі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының мақсатын айтты

Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы 2020 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруға болатын жұмыстар тізімі:

1) аумақты көгалдандыру;

2) тротуарларды жайластыру;

3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);

5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жүргізілу тәртібі:

Статистикалық мәліметтер:

Тұрғындардан 2020 жылы 41 жоба қабылданып, дауыс беру кезеңінен өткен 10 жоба 2021 жылы іске асырылды.

Жобаның негізгі бағыттары:

Атап айтқанда:

  1. Мәңгілік ел көшесі №16 үй бойынша балалар ойын алаңын абаттандыру;

  2. Қанағат т/а балалар ойын алаңын орнату;

  3. Мәңгілік алау скверіндегі баскетбол алаңын ағымдағы жөндеу;

  4. А.Жұбанов көшесі 300/1 үй ауласына балалар алаңы, спорт және футбол алаңын, көше тренажерларын орнату;

  5. Сазды тұрғындар алабында саябақ салу және №47, №19, №20, №39, №10 орта мектептерге дейін жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынды.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңақоныс т/а №5 үй ауласын абаттандыру, балалар ойын алаңына орнату жобасын жеңіп алған мердігер мекеме жұмыстарды уақытылы орындамауына байланысты, жосықсыз қатысушысы деп тану мақсатында сотқа талап арыз жолданып, жобаның атқарылуы келесі жылға шегерілді.

2022 жылы жобаларды жүзеге асыру үшін 146 487,0 мың теңге қаражат бөлінді.

2022 жылы 80 жоба қабылданды. Оның ішінде Сараптамалық кеңес 57 жобаны мақұлдап дауыс беруге өткізілді.

2023 жылы тиісті дауыс жинаған 51 жоба жүзеге асыру жоспарға қойылды. Бүгінгі күні сметалық құжаттар рәсімделіп, бөлінетін қаражат нақтылануда.

Тұрғындардан көпқабатты үйдің ауласында көне балалар алаңы орнатылған болса, заманауи алаң салу үшін, ауласын абаттандыру, жарықтандыру бойынша және шалғайда орналасқан тұрғын аумақтарда спорт алаңы, ойын алаңын салу, жаяу жүргіншілер жолын орнату үшін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына белсенді қатысып, өз жобасын ұсынуды сұраймыз.

Ақтөбе Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: