Нұрлан Байбазаров Қазақстанның Даму банкін басқарды

Сурет: kdb.kz
16 қарашада Нұрлан Байбазаров «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Байбазаров «Қазақстан Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Индустриялық даму қоры» АҚ-ты басқарды.

ҚДБ-ның жаңа басшысын ұжымға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев таныстырды:

«Нұрлан Байбазаровтың қаржы институттарында тәжірибесі жеткілікті, ол Қазақстанның Даму банкінің еншілес ұйымы – Индустриялық даму қорын жемісті басқарды. Нұрлан Байбазаровтың мықты басқарушылық құзыреттілігін, сондай-ақ оның Үкіметтің экономикалық блогындағы мол тәжірибесін атап өткім келеді, бұл міндетті түрде ҚДБ-ны дамытуда қолданылады».

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджет департаментінде бастады. 2004-2011 жылдар аралығында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да бөлім бастығынан басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық салаларды дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Индустриялық даму қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды. Мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді