Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі жаңа уәкілдің есімі белгілі болды

Сурет: gov.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ластаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенат депутаттары Артур Ластаевтың кандидатурасын қолдады.

Артур Ластаев 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болды. Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім меңгерушісі де болды.

Ол Бас прокуратураның өкілі – Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі.

2018-2022 жылдары Бас прокуратураның Еуропадағы өкілі – Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің кеңесшісі болды.

2022 жылдан Бас прокуратураның Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы.

2022 жылғы 29 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Парламенті Сенатының отырысы өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды