Оның айтуынша, Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік-Шығыс Азияның «алтын үшбұрышы» деп аталатын аймақта еңбек құлдығына түскен.
"Өткен жылдың желтоқсан айының соңында олар Тайландтағы елшілігімізбен байланысқа шықты. Олардың ата-аналары да тауып беруімізді өтінді. Не айта аламыз? Бұл бірінші рет емес. Дәл осындай жағдай осыдан бірнеше ай бұрын тағы бір азаматымыздың басына түскен." Айбек Смадияров
Смадияровтың айтуынша, азаматымыздың құлдқтан босауына бүкіл ел көмектескен.
"Қазір жағдай оңай емес, оған мемлекеттік органдардың ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың да көмегі қажет, бұл бірінші жағдай емес. Онда тек Қазақстан азаматтары ғана емес. Және әртүрлі елдердің азаматтары бар. Сондықтан мәселе кешенді шешімді қажет етеді. Соған қарамастан бұл жағдай Таиландтағы елшілігімізде ерекше бақылауда. Консул олармен сөйлесті. Сол жақтағы азаматтар биыл хабарласпаса да, мәселе оң шешімін табады деп сенеміз". Айбек Смадияров
Сөз соңында ол қазақстандықтарға шетелге жұмыс істеуге барар алдында келісім-шарт талаптарымен танысуға кеңес берді.
"Мен азаматтарымызға ескерткім келеді – шетелге жұмыс істеуге барар алдында барлық келісім-шарттарды мұқият оқып шығыңыз. Өйткені бұл сіздің жеке жауапкершілігіңіз". Айбек Смадияров
2022 жылдың 26 тамызында Лаоста еңбек құлдығына түскен қазақстандық Әнел Бермағанбетова еліне оралды. Қызды Қытайдан Лаосқа алдап жақырған. Әнелдің отбасы полицияға, Вьетнам, Таиланд елшіліктеріне және Лаос Сыртқы істер министрлігіне хабарласуға мәжбүр болды. Қылмыстық іс қозғалды.