Қазақстанның ТЖМ ұшағымен Түркиядан 16 адам елге оралғысы келеді – СІМ

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров арнайы өткізілген брифинг барысында 16 қазақстандықтың Түркиядан Қазақстанға ТЖМ ұшағымен оралғысы келетінін айтқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров 7 ақпанда сағат 10:00-де Алматыдан Түркияға ҚР ТЖМ арнайы ұшағы ұшып шыққанын еске салды. Оның айтуынша, ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонады, онда біздің құтқарушыларымыз түрік әріптестерінің үйлестіруімен жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін орналасады.

"Біздің құтқарушылар қазақстандықтарды ғана іздемеу үшін барған жоқ ол жаққа. Олар жалпы операцияға - жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысады. Егер біздің азаматтар Түркияға туысқанын іздеу үшін өз бетінше бармақ ойы болса, мұны жасамағаны жөн, өйткені алғашқы кезде ол арада біреуді табу қиынға соғады. Бұл мәселені мамандарға тапсырып, хабар күткен дұрыс". Айбек Смадияров


Сонымен қатар, ол үйіне тезірек оралғысы келетін кейбір азаматтарымызды ҚР ТЖМ ұшағымен Қазақстанға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.

"Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ондай 18 адам бар, оның ішінде 16-сы - ҚР және екеуі Қырғыз Республикасының азаматы. Ұшақ Астанаға бағыт алады. Ұшу уақыты қосымша хабарланатын болады. ТЖМ ұшағы белгілі бір кесте бойынша ұшпайды, сондықтан біз өз азаматтарымызды барынша жинап алуға тырысамыз. ИЛ-76-да орын жеткілікті. Біз хабар тараттық. Хабарласып жатқандар бар, қазір оларды Газиантеп қаласының әуежайына жинап жатырмыз. Мұның бәрі қазір нақты режимде болып жатыр. Біздің дипломаттар әуежайда және ұшаққа кімдер жіберілетіні туралы ақпараттар нақтыланып жатыр". Айбек Смадияров

Сонымен қатар, ол мұны қазақстандықтарды Түркиядан эвакуациялау емес екенін айтады.


"Бұл - эвакуация емес, өйткені ТЖМ ұшағы біздің отрядты алып келді, яғни, әрине, ол жерде ұзақ тұра алмаймыз, бірден оралуы керек, сондықтан бос қайтпай Газиантепте елге оралғысы келетін азаматтар болса, оларды ала кетуді жөн көріп отырмыз. Яғни, біз Түркияның түкпір-түкпірінен өз азаматтарымызды жинап жатырмыз дегенді білдірмейді ол. Эвакуациялау туралы, әзірге сөз жоқ. Ұшақтар, әдеттегідей режимде ұшып жатыр. Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарымыз әуе компанияға хабарласып, билеттерін Ыстмабұл, Анкара немесе Анталия арқылы әртүрлі бағыттар бойынша қайта брондап, ұша алады". Айбек Смадияров

Түркия мен Сириядағы бірқатар ірі жер сілкіністері 6 ақпанда таңертең орын алды. Жер сілкісінің магнитудасы 7,8 балды құрады. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жойқын жер сілкіністеріне байланысты жеті күн бойы ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Қазақстан Түркия
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: