АҚШ боксшылары 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Фото: pexels
АҚШ бокс федерациясының басшылығы Ресей мен Беларусь өкілдері келетін болғандықтан, ерлер мен әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл бойкотқа Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Ресей мен Беларусь боксшыларына өз туы астында өнер көрсетуіне рұқсат беруі себеп болып отыр. Америка бокс федерациясының басшысы Майк Макэйти ресми хатында Халықаралық бокс қауымдастығының халықаралық ережелер мен fair-play қағидаттарына сәйкес келмейтін талаптарын атап көрсетті.

Алты ай бұрын Халықаралық бокс қауымдастығы саяси бейтарап ұйым болып қала беретінін атап өтіп, Ресей мен Беларусь боксшыларын халықаралық жарыстардан шеттету туралы шешімнің күшін жойды.

2023 жылғы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстанда 1-14 мамыр аралығында өтеді. Әйелдер наурыздың 15-і мен 31-і аралығында Үндістанда өтетін әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.

Беларусь
Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды