Кездесуде Беларусь Президенті ҰҚШҰ айнасында жұмылуға шақырды, өйткені "қауіп-қатерлер жеткілікті".
"Біз бағдарламаға төрағалық жайын жазуды тәуекел еттік, бізде бар осы мәселелерді шешуге тырысу үшін. Әсіресе, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің шекаралары бойында. Сіздің тәжірибеңізді бекер еске салып отырғаным жоқ. Есте сақтау қабілетіңіз керемет. Кавказды да, Орталық Азияны да жақсы білесіз. Сол араларда бізде проблемалар бар. Осы қиын-қыстау кезеңде оны шешуге және мүмкіндігінше Ұжымдық қауіпсіздік шартын ұйымын оған жұмылдыруға тырысып көрейік. Периметр бойынша не болып жатқанын көріп отырсыз ғой". Александр Лукашенко
Беларусь Президенті ҰҚШҰ-ның барлық мүшесі бірігіп, бірге әрекет етуі керек екенін баса атап өтті, сондай жағдайда бәрі оңай әрі ыңғайлы.
"Егер біреу Украина мен Ресейдің қақтығысы біздің шиеленіс емес, бізге қатысы жоқ деп ойласа, онда әрірек тыныш отыра тұрсын, мүлде олай емес, олай болмайды да. Уақыт та келіп жетеді (оның ауылы алыс емес, ертең-ақ), белгілі бір позицияны иеленуді талап ететін сәтті айтамын. Ұлттық мүддеге және тағысын тағыға зиян келтіре отырып дегенді айтпаймын. Бірақ барлық одақтастарымызға өз кемшіліктерімізді қаблдай отырып, бірге әрекет ету үшін өз саясатымызды нақты анықтауымыз керек. Бірге болу әрқашан оңай әрі ыңғайлы". Александр Лукашенко
Ол бұл арада мемлекеттерді өзінің ұлттық мүдделеріне қайшы әрекет етуге ешкім итермелемейтінін баса атап өтті.
"Бірақ бір ымыраға келуіміз керек. ҰҚШҰ-да көптен бері бірміз, біртұтас ұйым ретінде әрекет етіп келеміз. Менің ойымша, осы бір қиын кезеңнен бірге өтіп кету керек, ол мұндағы әрбір мемлекет үшін қажет және ықтимал қағидаттар төңірегіне біріктіріп, біздің ұйымды одан сайын нығайта түсуі мүмкін. Осыны бірге ойланайып көрейік". Александр Лукашенко
Жақында ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы қызметіне кіріскен Иманғали Тасмағамбетовке қошемет танытқан Александр Лукашенко бір-бірін бұрыннан білетіндіктерін, бірақ осыған дейін тікелей кездесу сәті бұйырмағанын атап өтті.
"Өзіңіз секілді тәжірибелі адаммен кездескеніме қуаныштымын. Арада бір жақындық бар. Жас кезімізде сіз де мен де комсомолда жұмыс істедік. Құрметке лайықты өмірдегі өте маңызды баспалдақтарды басып өттіңіз. Қазір Кеңес заманынан келе жатқан осындай тәжірибелі адамдар (бұл кезеңді әркім басқаша бағалар) аз әрі олар өте бағалы. Сондықтан сіздің тәжірибеңіз және соның ішінде дипломатиялық жағының да бізге пайдасы болады деп ойлаймын. Әсіресе, биыл Беларусь елінің төрағалығы кезінде. Пайдасы тиіп қана қоймай, сұранысқа да ие болады". Александр Лукашенко
Ол мұндай құнды тәжірибені жас буынмен бөлісу маңызды екенін де айтты:
"Белоруссияда жиі айтып отырамын. Қазақстан қазірдің өзінде саясаттағы буын алмасу процесін тікелей бастан кешуде деймін. Көбінесе бұл процесс ауыр өтеді. Әрине, ауыртпалықсыз болғанын қалаймын. Бізде де, сізде де. Мүмкін Қазақстан туралы бірдеңе айта отырарсыз "
Иманғали Тасмағамбетов 2022 жылы қарашада ұйымның сессиясында ҰҚШҰ Бас хатшысын айқындау кезінде өз кандидатурасын қолдағаны үшін Беларусь көшбасшысына алғысын білдірді. Ол осы жылдың 10 қаңтарынан бастап қызметке кіріскенін жеткізді.
"Осы сәттен бастап істі қолыма алып, бағыт-бағдарына мықтап кірістім. Ең бастысы - Беларусь төрағалығының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын және негізгі басым мәселелерін дайындау". Иманғали Тасмағамбетов
Оның айтуынша, осы кезеңде қараша сессиясында қабылданған барлық шешім мен ҰҚШҰ-ға Беларусь төрағалығының басым бағыттары ескерілді.
Кездесу соңында Иманғали Тасмағамбетов БАҚ өкілдеріне ҰҚШҰ-ның көпфункционалды әлеуеті қазіргі заманда зорайып келе жатқан сын-қатерлер мен қауіптерге жауап беруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Әскери салада қолда бар мүмкіндіктерді нығайту мақсатында, ең алдыме,н ұйымның ұжымдық күштерінің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталған практикалық қадамдар жоспарланған. Осыған байланысты биыл Беларусь территориясында "Өзара іс-қимыл", "Эшелон" және "Іздеу" оқу-жаттығулары жоспарлануда, - деп belta.by ҰҚШҰ Бас хатшысының сөзін келтіреді .