Қазақстан түсті және қара металл сынықтарын экспорттауға тыйым салу уақытын ұзартады

Сурет: pixabay
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан аумағынан 6 ай мерзімге және қара металл сынықтары мен қалдықтарын автомобиль және теңіз көлігімен 6 ай мерзімге әкетуге тыйым салу көзделген.

Түсіндіргендей, бұл сынықтар тапшылығын бастан кешіріп отырған отандық кәсіпорындар жүктемесінің артуы және сынықтардың заңсыз айналымымен күресу шараларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 21 қазандағы бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 2 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға алты айға тыйым салынды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды