"Ақ жол" партиясынан Мәжіліс мандатын кімдер иеленгені белгілі болды

Сурет: "Ақжол" партиясы
27 наурызда "Ақ жол" демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақ жол" партиясы пленумының бірауыздан шығарған шешіміне сәйкес, Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы - экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, "BIGLIFE" ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;

Еспаева Дания Мәдиқызы - финансист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы;

Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.

Айта кетсек, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар мен ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті сайлауының қорытындысын шығарды. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан "Ақ жол" демократиялық партиясына 535 139 қазақстандық дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша "Ақ жол" Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды.

Алдында Қазақстан Халық партиясы Мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекіткені хабарланған болатын.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды