Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Халық партиясы Мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекітті

Сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2023 19:19 Сурет: Қазақстан Халық партиясы
Қазақстан Халық партиясы Мәжіліске өткен депутаттарының тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Халық партиясының орталық кеңсесінде партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың басшылығымен Саяси бюроның кезектен тыс отырысы өтті. Басқосу барысында партиялық тізім бойынша VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланған кандидаттарға депутаттық мандат бөлінді.

"Кандидатуралар алқа талдауына түсіп, ұзақ талқыланды", – деді ҚХП төрағасы.

Саяси бюро мүшелері депутаттық топ құрамын жасақтауға қатысты шешім қабылдаған кезде әйелдер мен жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген міндетті квотаны ерекше назарда ұстады. Саяси бюро мүшелері депутаттық топ құрамын жасақтауға қатысты шешім қабылдаған кезде әйелдер мен жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген міндетті квотаны ерекше назарда ұстады.

Нәтижесінде Мәжіліс сайлауына партиялық тізіммен ұсынылған тәжірибелі саясаткерлер Магеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова, көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі Гаухар Танашева, Параолимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы Кенжеғұл Сейтжан және жастар квотасы бойынша Ислам Сұңқар сынды кандидаттар мандатқа ие болды.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлау қорытындысына сәйкес, Қазақстан Халық партиясы 5 пайыздық межені еңсеріп, ҚР Парламенті Мәжілісіне өтті. Сайлаушылардың дауысы Халық партиясын 5 парламенттік мандатпен қамтамасыз етті.

Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс сайлауына партиялық тізіммен ұсынылған тәжірибелі саясаткерлер Магеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова бұған дейін де депутат болғанын баса айта кетелік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: