ЖСДП Мәжіліске өткен депутаттардың есімдерін атады

ЖСДП депутаттардың тізімін атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 10:46 Сурет: ЖСДП баспасөз қызметі
27 наурызда Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда Мәжіліске 4 депутаттық мандат үлестірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар:

  • Нұрлан Әуесбаев
  • Асхат Рахымжанов
  • Ажар Сағындықова
  • Наурыз Сайлаубай

"ЖСДП партиялық тізіміне 19 кандидат енгізілді. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша кандидаттар үшін белгіленген талаптарға сай. Әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған квота орындалды", - деп хабарлады ЖСДП өкілдері.

20 наурызда оппозициялық партия – ЖСДП парламентке алғаш рет келгені белгілі болды. Ол сайлауда 5,31% жинады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: