Смайылов үкіметтің алдағы жұмыс жоспарларына тоқталды

Жаңадан тағайындалған Премьер-Министр Әлихан Смайылов үкіметтің алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдірді.

"Маған артқан сенімдеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік." Әлихан Смайылов

Смайыловтың сөзінше, Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын және «Amanat» партиясының бағдарламасын іске асырылады. 

"Сонымен бірге басқа да партиялар мен депутаттардың, бизнес-қауымдастықтар мен азаматтардың сындарлы ұсыныстарын ескеретін боламыз. Орта мерзімді кезеңде экономиканың өсімін 5%-ға дейін жеткізу, осы жылдың аяғына дейін инфляцияны 2 есе төмендету – біз үшін аса маңызды міндет." Әлихан Смайылов

Премьер-министрдің сөзінше, кәсіпкерлікті қолдау және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі кешенді шаралар, сондай-ақ бизнестің түйткілді мәселелерін шешу, халықты жұмыспен қамту және азаматтарымыздың нақты табысын өсіру – негізгі бағыттардың бірі.

Экономиканы әртараптандыруға, ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге және қосылған құны жоғары шикізаттық емес тауарлар өндірісін ұлғайтуға басымдық беріледі. Ел экономикасына, бірінші кезекте, өңдеуші салаларға ауқымды инвестициялар тарту бойынша шаралар қабылданады.

Ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс атқарылады.

Сонымен қатар энергетика саласын дамыту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері өте маңызды.

"Ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. «Тариф орнына – инвестиция» бағдарламасын іске асыру электр және коммуналдық желілердің тозуын төмендетуге мүмкіндік береді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту кеңейтіледі. Көлік және логистика саласында өткізу қабілетін арттыруға және халықаралық дәліздерді дамытуға басымдық беріледі." Әлихан Смайылов

Білім беру және денсаулық сақтау салаларында қызметтердің тиімділігі мен сапасын жақсарту, сонымен қатар цифрландыруды әрі қарай жалғастыру және мемлекеттік бірыңғай цифрлық платформаны енгізу біздің жұмысымыздың маңызды бағыттары болады, деді премьер-министр. 

"Үкіметтің алдында қойылған міндеттерді шешу үшін тиісті шаралар қабылданады." Әлихан Смайылов

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: