Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі қызметінде қалды

Сурет: primeminister.kz
Нұрбек Саясат ғылым және жоғары білім министрі қызметін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда жариялаған жарлықта.

2022 жылдың 11 маусымында Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.

Нұрбек Саясат 1981 жылы 18 мамырда Семейде дүниеге келген.

Маршаллтаун колледжін (АҚШ) бітірген, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін  (2004), саясаттану, құқықтану, геосаясат және халықаралық қауіпсіздік магистрі, ЛLa Sapienza (Италия) университетінің (Италия) магистрі.

Еңбек өтілі:

· АҚШ конгрессмені Марк Смиттің науқан бойынша көмекшісі, АҚШ президенттігіне кандидат Аль Гор, Айова үкіметінің ақпарат және есептеу департаментінің кеңесшісі (АҚШ) (2000-2002);

· ЕҰУ оқытушысы, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры, «Art-Motion» ЖШС директоры (2002-2006);

· «Қазына» ФСД» АҚ менеджері, бас менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі (2006-2008);

· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі (2008);

· Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доцент, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры (2008);

· «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атқарушы директоры, кадр жұмысы және персоналды басқару департаментінің директоры (2008-2009);

· Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры (09.2009-10.2010);

· «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (11.2010-09.2013);

· «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық саясат институтының директоры (09.2013-08.2015);

· АХҚО басқарушы директоры (07.2016-12.2017);

· National Geographic Қазақстан кеңесшісі (12.2017 ж.);

· BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі, BTS Education бас директоры (09.2018 ж.);

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі (11.06.2022 ж. бастап)

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы