Рекордтық көрсеткіштер: Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағыны 28 млрд долларды құрады

Сурет: primeminister.kz
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 млрд долларды құрады, бұл 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда (23,8 млрд доллар) 17,7%-ға көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

primeminister.kz хабарлағандай, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $28,9 млрд болған.

Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер:

Нидерланды – $8,33 млрд (өсім – 19,7%),

АҚШ – $5,1 млрд (+81,9%),

Швейцария – $2,8 млрд (+2,4%),

Бельгия – $1,56 млрд (+46%),

Ресей – $1,52 млрд (-19,7%),

Оңтүстік Корея – $1,48 млрд (+84,8%),

Қытай – $1,43 млрд (-22,5%),

Франция – $770,2 млн (+27,4%),

Ұлыбритания – $661 млн (-35,7%) және Германия – $469,5 млн (+45,4%)


Инвестициялар ең көп тартылған салалар:

тау-кен өнеркәсібі – $12,1 млрд (+25%),

өңдеу өнеркәсібі – $5,6 млрд (+3%),

көтерме және бөлшек сауда – $5,08 млрд (+36%),

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – $1,1 млрд (өсім – 2,1 есе),

көлік және қоймалау – $1,1 млрд (+14%),

құрылыс – $698 млн (-3%),

қаржылық және сақтандыру қызметі – $650 млн (-60%),

электрмен жабдықтау және газ беру – $635,6 млн (өсім – 2,8 есе) және т.б.


Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер:

Атырау облысы – $8,2 млрд (+48%),

Алматы – $7,57 млрд (+11%),

Астана – $2,25 млрд (өсім – 2 есе),

ШҚО – $2,2 млрд (+3%),

БҚО – $1,12 млрд (+7%),

Алматы облысы – $698,2 млн (+47%),

Ақмола облысы – $376,3 млн (өсім – 6,3 есе),

Қызылорда облысы – $336,5 млн (+36%),

СҚО – $105,7 млн (өсім – 3 есе) және Жамбыл облысы – $62 млн (өсім – 3 есе).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты