Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Сурет: akorda.kz
18 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке еліміздің отын-энергетика кешенінің негізгі даму көрсеткіштері, жанар-жағармай нарығын үздіксіз қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобаларын одан әрі дамыту мәселесі туралы баяндалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету және жалпы газ саласын дамыту шаралары жөнінде мәлімет берілді. Энергетика министрі биыл Қазақстанда тауарлық газды үнемдеп тұтынуды ынталандыру үшін энергия тиімділігін арттыру жоспары әзірленетінін айтты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына генерация секторындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясының тапшылығын жою, электр энергетикасы саласын реттеу тәсілдерін жетілдіру және нарықты дамытудың жаңа моделін енгізу перспективалары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент еліміздің энергетика инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың, сондай-ақ мұнай-газ жобаларын уақытылы жүзеге асырудың маңызды екеніне назар аударды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Сәтқалиев Алмасадам

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды