Президент балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткенін айтты

Сурет: freepik
Мемлекет басшысы жас ұрпақтың қауіпсіздік мәселесіне тоқталды. Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткенін алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым -Жомарт Тоқаев мұндай оқиғалар мектепте, көшеде, тіпті, үйде болып жатқанына тоқталды. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отқанын қадап айтты. 

"Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауымыз керек." Мемлекет басшысы

Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңмен күшейту керек. Отбасы құндылықтарын дәріптеу ісіне ерекше көңіл бөлген жөн, деді президент. 


"Тағы да ескертемін, біз қоғамдағы, көшедегі, тіпті әр үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпесек, дамыған елдердің қатарына қосылуымыз қиын болады. Азаматтарымыз еркін жүріп-тұратын қауіпсіз қоғам құруымыз қажет." Мемлекет басшысы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі