Тоқаев: Әлеуметтік кодекс – мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың жаңа үлгісін қалыптастырады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жақында Әлеуметтік кодекске қол қойғанын еске салып, мұндай маңызды құжат ТМД мемлекеттері ішінде алғаш рет қолданысқа енгізіліп отырғанын атап өтті.

"Бұл кодекс еліміздің жаңа әлеуметтік саясатын айқындайды, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың мүлде жаңа үлгісін қалыптастырады. Сондай-ақ жаңа әлеуметтік келісімнің негізін қалайды. Бір сөзбен айтқанда, жаңа кодекс бүгінгі күннің талаптарымен мейлінше үндеседі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның сөзінше, сол сияқты этносаясат та мемлекеттің басымдықтарына толық сай келуі керек.
Сондай-ақ Президент Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту керек екенін айтты.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан халқы Ассамблеясы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы