Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев партиялар туралы: Ел бірлігін сақтауға келгенде біз жұдырықтай жұмыла білуіміз керек

Тоқаев партиялар туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 11:53 Сурет: Zakon.kz
Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту керек. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев 27 сәуір күні өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бұл жұмысты орталықта және аймақтарда жүргізген жөн деп есептейді әрі ел бірлігін сақтауға келгенде біз жұдырықтай жұмыла білуіміз керек.

"Біз ауқымды саяси реформалардың нәтижесінде шынайы пікір алуандығына қол жеткіздік. Әрине, әр саясаткердің өз пікірі болуы орынды. Елімізді дамыту, күнделікті мәселелерді шешу туралы көзқарастар үнемі бірдей бола бермейді. Бұл – түсінікті. Алайда ел бірлігін сақтауға келгенде біз жұдырықтай жұмыла білуіміз керек. Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Президент "Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып, кеңесіп отыруы қажет" екенін айта келе, партияларды ортақ іске жұмылдырудың тағы бір маңызды жолы ретінде Парламентте депутаттық бірлестік құру екенін алға тартты.

"Ассамблеядан сайланған бес сенатор бұл шаруаның басы-қасында жүруі керек. Этносаралық қатынас саласындағы өзін өзі басқару институттарын дамыту – маңызды міндеттің бірі. Ассамблея бұл жұмысты этномәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіру арқылы атқаруда. Осында министрліктердің, мекемелердің, аймақтардың, Парламенттің және Президент Әкімшілігінің басшылары отыр. Олардың көпшілігі – Ассамблея мүшесі. Ассамблея қызметіне белсене атсалысу – баршаңызға ортақ міндет" – , деді Мемлекет басшысы.

Ол Ассамблеяны әкімдіктер мен мәслихаттардың жұмысына атсалысуға шақырды.

"Ассамблея және билік органдары өзара тығыз байланыста болуға тиіс. Мұның айрықша мәні бар.Құзыреттерді жоғарыдан төменге беру ісінде осы мәселені ескерген жөн. Мемлекеттік орган басшылары Ассамблея өкілдерімен тұрақты кездесіп отыруы қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент мұндай кездесулер кем дегенде жарты жылда бір рет өткізілуі керек деп санайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: