Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысады

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 11:15 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сессия 2023 жылғы 27 сәуір күні өтеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясына қатысады", – делінген хабарламада.

2022 жылғы 29 сәуірде "Халық бірлігі – жаңарған Қазақстанның негізі" атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА қызметінің басым бағыттарын айқындап берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: