Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Сурет: Алматы облысы әкімдігі
Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, ол ҚР Президенті әкімшілігінде инспектор болып жұмыс істейтін болады.

Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2022 жылғы 3 қазанға тағайындалған.

Рауан Рақымбеков 1980 жылы туған.

Білімі:

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін 2001 жылы "экология және табиғат пайдалану" және 2008 жылы "Қаржы" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2002 жылы "Қайнар" ААҚ моноблок құю цехінің қоймашысы болып бастаған, кейіннен қайта құю корпусының шебері болып жұмыс істеген. Әр жылдарда "Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал және Ескелді аудандарының әкімі болып қызмет еткен.

2021 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болған.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы