Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Алматы облысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімінің өкіміммен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рауан Рақымбеков 1980 жылы туған.

Білімі:

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін 2001 жылы "экология және табиғат пайдалану" және 2008 жылы "Қаржы" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2002 жылы "Қайнар" ААҚ моноблок құю цехінің қоймашысы болып бастаған, кейіннен қайта құю корпусының шебері болып жұмыс істеген. Әр жылдарда "Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал және Ескелді аудандарының әкімі болып қызмет еткен.

2021 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

"Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз