Жаңалықтар тізбегі
0

Нұржан Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2022 10:00 Сурет: gov.kz
Нұржан Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы облысы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен Нұржан Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Нұржан Құдайбергенов 1963 жылы дүниеге келген. 1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын сәулетші мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақстан фосфор өндірісі ғылыми-зерттеу институтында инженер болып бастады.

Осы жылдар ішінде «Алматы бас жоспары» мемлекеттік жобалау институтының сәулетшісі, «Сәулет» шағын сәулет-өнеркәсіптік кәсіпорнының сәулетшісі, «Геоәулет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының инженер-сәулетшісі, бас маманы қызметтерін атқарды. - Іле ауданы әкімі аппаратының бас сәулетшісі, Іле аудандық қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Еңбекшіқазақ ауданы Текелі қаласы әкімінің орынбасарлары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап Райымбек ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

23 тамызда Алматы облысының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бірқатар басқарма басшыларын тағайындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: