Жаңалықтар тізбегі
0

Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Қызылорда облысы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 14:34 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұрынғы кеңесшісі Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігімен келісе отырып, облыс әкімінің өкімімен Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, әкімнің жаңа орынбасары құрылыс, сәулет, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі салаларына жауап беретін болады.

Жайымбетов Мархабат 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі:

Волгоград ауылшаруашылық институтын, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. Экономика және менеджмент PhD докторы.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда қаласындағы «ГлавАгроРемМаш » жөндеу механикалық зауытының энергетигi болып бастаған.

1993-2005 жылдары аймақтың мұнай-газ салаларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Әр жылдары Қызылорда облысы бойынша ТЖД бастығы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласының әкімі, Арал ауданының әкімі, президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы сынды лауазымдарды атқарды.

2021 жылдың мамыр айынан бастап бүгінге дейін Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің кеңесшісі болып қызмет еткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: