Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 10:30 Сурет: primeminister.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Нүсіпова Әсем Бекқызы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған.

Білімі:

1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.

Еңбек өтілі:

2001-2003 жж. — Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2003-2005 жж. — ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі. 2005 ж. — ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.

2005-2007 жж. — ҚР Премьер-министрі кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі.

2007-2008 жж. — ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жж. — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 ж. — ««Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты.

2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

Соңғы атқарған қызметі – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: