Алтай Әли 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы "Рахат Палас" қонақүйіндегі байланыс орталығының қызметкері болып бастаған.
2010-2011 - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау бөлімінің менеджері.
2014-2015 жж – Астана қалалық сотының бас маманы.
2015-2018 жж – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді.
2018 жылы әкім аппаратының басшысы; Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі.
2018-2019 жылдары – Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі.
2019-2020 – Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
2020 жылы - Түркістан қаласы әкімінің көмекшісі.
2021 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.